Таразда құтқарушы екі қыздың өмірін сақтап қалды
Айдос Әбілда суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған
Жамбыл облысы Тараз қаласында 2012 жылы және 2014 жылы туған екі қыз суға батып кете жаздады. Абырой болғанда, рейдке шыққан құтқарушы Айдос Әбілда екі баланы да аман алып қалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Таразда суға шомылуға болатын және суға шомылуға болмайтын орындардың тізімін жариялаған болатынбыз.