Таразда «Тәуелсіз елдің болашағы - Жастар» тақырыбында кездесу өтті
Іс-шараға желтоқсаншылар қатысты
Бүгін Ш.Уалиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіз елдің болашағы- Жастар» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шараға «Желтоқсан ұшқыны» ҚБ төрағасы Талғат Кеншінбеков, орынбасары Сәкен Мырзабай және бірлестік мүшелері қатысты.
Жиында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ маманы Дархан Байпақ өткен күннен өнеге алу бүгінгі ұрпақтың парызы болуы керектігін айтып, ел тәуелсіздігі басты құндылық екенін атап өтті.
Сондай–ақ шарада Желтоқсан оқиғасы тақырыбында дипломдық жұмыс әзірлеп жүрген Тараз өңірлік университетінің студенті Әшірхан Құттыбек өзінің зерделеу жүргізген жұмыстарын талдап, қатысушыларға баяндап берді.
Жамбыл ауданы Шекара басқармасы бөлімшесінің топ командирі аға лейтенант Жумагулов Мадияр Ержанұлы және Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрам қызметкерлері тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісті. Тақырып аясында қатысушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып, пікір алмасып белсене қатысты.