Таразда тергеу изоляторына тыйым салынған затты алып кіру әрекеті әшкереленді
Бүгінгі таңда бұл факт бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің баптарына сәйкес, сотқа жолданған
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №67 мекемесінің (тергеу изоляторы) тексеру тобы тыйым салынған затты ішке өткізудің дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру барысында ҚАЖ қызметкерлері сотталған азаматтың туыс әпкесі әкелген азық-түлік ішінен жасырылған ұялы телефон, зарядтау құрылғысы мен сми-картаны тапқан. Ал тыйым салынған затты тәркілеу процесі тасымалды бейнетіркеу құрылғысы арқылы таспаға түсірілген.

Бүгінгі таңда бұл факт бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің баптарына сәйкес, сотқа жолданған. Осы ретте ҚАЖ департаменті қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұялы телефондар мен олардың құрамдас бөліктерін сондай-ақ өзге де тыйым салынған заттарды алып кіру заңға қайшы әрекет болып табылатынын қатаң ескертеді. Мұндай әрекеттер үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделген.