Тараздағы перзентханада жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты
Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны перзентханада суицид жасап, көз жұмды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 10 сәуір күні болған. Аяғы ауыр келіншек жүктіліктің он алтыншы аптасында өз-өзіне қол жұмсаған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, марқұмның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6 жаста болса, екеуі балабақшаға барады.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешенді сараптама тағайындалған, оны Жамбыл облыстық сот сараптамасы институтының мамандары жүргізеді.