Тараздағы түрмеде білім күні атап өтілді
Әділет капитаны сотталғандарды оқу жылының басталуымен құттықтады
Тараздағы түрмеде білім күні атап өтілді. №58 түзеу мекемесі бастығының міндетін атқарушы Бекен Калимбетов сотталғандарды оқу жылының басталуымен құттықтады , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде білім күніне орай іс-шара өтті. Онда түрме басшысы сотталғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сана қоржыны сапалы біліммен толуына тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, аталған мекемеде оқуға құштар сотталғандардың 12 тобы бар. Олар күніне 5 пәннен білім алады.