Тараздағы түрмеге “Қазпошта” желісі арқылы тыйым салынған заттар кіргізбек болған
Бұл бандерольді тексеру кезінде анықталды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ның 58 мекемесінде сотталған азаматқа “Қазпошта” желісі арқылы жіберілген бандерольді тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру кезінде 2 дана телефон қуаттағыш, 2 дана USB-шнур, 1 дана микрофлешка, 1 дана ақпарат сақтайтын флешка және автоқалам ретінде жасырылған бейнекамера табылған.