Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесінде мереке атап өтілді

The final spritzer

Мерекелік шара барысында қызметтегі қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шара барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Руслан Нұрланұлы Жапаров әйел қызметкерлерге жылы лебізін білдіріп, олардың еңбегіне жоғары баға берді.

Мерекелік шара барысында қызметтегі қыз-келіншектерге құрмет көрсетіліп, оларға Алғыс хаттар, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Осылайша, нәзік жандылардың еңбегі еленіп, олардың қызметіне лайықты құрмет білдірілді.