Жамбыл жаңалықтар

«Тарихқа тағзым». Жамбылда биыл музейге келушілер саны күрт көбейген

Биыл тарихи мұра толы нысанға 22 мыңға жуық адам келген

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейітжан Ілияс музейге келушілер саны көбейгенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сейітжан Ілиястың сөзінше, алғаш рет 1931 жылы ашылған музей қорында қазіргі таңда 72 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Қор жыл сайын облыста жүргізілген экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде толықтырылып отырады. Жыл басынан бері мұнда 22 мыңға жуық адам келген. Сонымен қатар, 707 рет экскурсия жасалған. Музей директорының сөзінше, көшпелі көрмелер де ұйымдастырылған. 

Тарих тағылымына толы музейге шетелдіктер де ат басын бұрады. Мысалы, жыл басынан бері әлемнің түрлі елдерінен 30-дан аса турист табан тіреп, туған жердің тарихымен танысқан. Сейітжан Ілиястың айтуынша, жаз басталғалы музейге оқушылар да ағылып келіп жатыр.