Жамбыл жаңалықтар

Тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен сенбі күні тазалық жұмыстары жүргізілді. ҚР Қылмыстық-атқару Кодексінің 121 бабына сәйкес, жүзеге асқан бұл жұмыстарға жабық мекемеде жазасын өтеуші барлық сотталған азамат атсалысты. Бұл күні сотты болғандар мекеме аумағын күл-қоқыстан тазартып, көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Мекемедегі арнайы алаңқайлар және арықтар мен жиекжолдар тазартылып, ағаштардың түптері әктелді. Ал жиналған қоқыстар мекеме сыртына шығарылды. - Мекемені біреу сырттан келіп тазалап бермейді. Мұндай тазалық жұмыстарына әр азамат өз үлесін қосқаны жөн. Бұл шараның тәрбиелік мағынасы үлкен әрі жазасын өтеушілерді еңбекке баулу жағы бар. Олардың бойында патриоттық сезімді оятады. Бұл жұмыстарға атсалысу арқылы сотты болғандар тазалық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз, - дейді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Күзембаев.