Жамбыл жаңалықтар

Туризм және спорт вице-министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

Таразда туризм мен спортты дамыту мәселелері талқыланды

 Бүгін Тараз қаласына Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іссапар барысында ол өңірдегі сала өкілдерімен кездесіп, Жамбыл облысында туризм мен спортты өркендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды және алдағы жоспаларды жан-жақты талқылады.

Кездесуде аймақтағы туристік нысандарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа бағыттарды ашу, сервистік қызмет сапасын арттыру мәселелері назарға алынды. 

Сондай-ақ бұқаралық спортты қолдау, балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасау, спорттық инфрақұрылымды кеңейту және халықаралық жарыстарды өңірге тарту бағыттары сөз болды.

Кездесу соңында жиын қатысушылары вице-министрге көкейкесті сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алып, ұсыныстарын жеткізді.