Жамбыл жаңалықтар

Құқық бұзған шетел азаматына айыппұл салынды

Құқық бұзған шетел азаматына айыппұл салынды

Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен №45 «Түркістан-Павлодар» бағытындағы жолаушылар поезында тексеру жүргізу барысында, 1998 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзғанын анықтаған. Аталған құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқықбұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.