Жамбыл жаңалықтар

«Құқықтық тәртіп айлығы» аясында шығармашылық акция өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұлғаның маңыздылығын түсіну, өмірлік құндылықтарды қайта қарау

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде «Құқықтық тәртіп айлығы» режимдік-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес сотталғандар арасында суицидтің алдын алу мақсатында шығармашылық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Акция «Қандай ғажап бұл әлем», «Менің болашағым», «Бостандықтан кейінгі өмірім», «Менің отбасым», «Менің мақсаттарым» және басқа да тақырыптар аясында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұлғаның маңыздылығын түсіну, өмірлік құндылықтарды қайта қарау, өз-өзіне және қоғамдағы рөліне деген оң көзқарас қалыптастыру, еркін өмірге бейімделу дағдыларын дамыту болды.

Өздерінің шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленген сотталғандарды мекеме бастығы, әділет полковнигі Руслан Уразметов грамотамен марапаттады.