Әйелін өлтірген полицей 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Ерлі-зайыпты ренжісіп, реніш соңы дау-жанжалға ұласып, өліммен аяқталған.
Былтыр Қостанайда 31 қазан айында ерлі-зайыпты ренжісіп, реніш соңы дау-жанжалға ұласып, өліммен аяқталған.
Күйеуі әйелін ұзартқыш тоқпен қылқындырып, қарсылық көрсеткені үшін денесін күшпен басқан. Әйелінің жантәсілім еткенін түсінген соң, денесін гаражға апарып, тоққа іліп қойған. Ол қылмысын жасыру үшін әйелі өзін-өзі өлтірген деген тәсілмен, осындай сорақы қадамға барған.
«Полицей өзімен бірге жұмыс істейтін әрі әріптес, әрі заңды әйелін өлтірді деп айып тағылған полицейге сот үкімі шықты» деп хабарлайды «Jambylinfo.kz» «Stan.kz» -ке сілтеме жасап.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полицияда қызмет еткен марқұм әйелдің күйеуіне үкім шығарды. Судья Аделия Хасенова әйелдің күйеуін «кінәлі» деп танып, бас бостандығымен қатар полиция аға лейтенанты атағынан да айырды. Сотталушы жазасын орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде 9 жыл өтейді.