Жамбыл жаңалықтар

«Қыс көрсетеді»: Басқарма басшысы Жамбылдағы жолдардың дайындығы туралы айтты

Қазіргі таңда жолдарда қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілген

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов облыстағы жолдардың қысқы кезеңге дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қар қалың түскенде Жамбылдағы кейбір аудандарда жол қозғалысы қиындайтыны белгілі. Осы жайлар биыл ескерілгенін айтқан Мұрат Саурықов жауапты мекемелердің дайындығы тексерілгенін жеткізді.