«Жүрек жылуы»: Жамбылда мейірім мен ізгілікке үндеген кеш өтті
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда әлеуметтік әділеттілік қағидаларын кеңінен насихаттау, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, қамқорлық пен жанашырлықтың маңызын тереңінен ұғындыру.
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында 20 ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай «Жүрек жылуы» атты мейірім кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кеш барысында әрбір адамның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, өзара сыйластық пен қолдаудың мәні туралы мазмұнды ойлар айтылды. Қатысушыларға ізгілік пен мейірімнің адам өміріндегі айрықша рөлі түсіндіріліп, рухани байлық пен бірлік құндылықтары кеңінен насихатталды.
Мерекелік бағдарлама аясында әсерлі әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен рухани серпіліс сыйлады. «Жүрек жылуы» кеші көпшілікке шынайы қуаныш пен жылулық сыйлаған тағылымды шара ретінде есте қалды.