Жамбыл жаңалықтар

Жаңа Салық кодексі: Таразда ауқымды семинар өтті

Тараз қаласында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жамбылдық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес иелерімен кездесіп салық төлеушілерге арналған кең ауқымды семинар өткізді.

Жиын барысында министірлік өкілдері қатысушыларға Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаеваның айтуынша,  келесі жылдан бастап кәсіпкерлер, салықтық есепті бұрынғыдай тоқсан сайын емес, жылына бір рет тапсырады. Бірыңғай жер салығы да жойылады. Мүлікті сатқаннан кейін төленетін салық мерзімі де ұзартылды.

Оның айтуынша, ойын бизнесіне қатысты салық көлемі ұлғайтылды. Кәсіпкерлер бұрын 20 пайыз мөлшерінде корпоративті табыс салығын төлейтін болса келер жылдан бастап мемлекеттік алым 25 пайызға дейін өседі

Семинар барысында қатысушылар Қаржы министрлігінің өкілдеріне көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.