Жаңатастағы ахуал: Селден келген шығын көлемі 271 млн теңге
Жарамсыз болған бір үйдің орнына жаңа баспана бюджет ақшасына алынды
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірлік коммуникациялар алаңында Жаңатас қаласында болған селден кейінгі жалпы шығын 271 млн теңге болғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қанатбек Мәдібектің сөзінше, жарамсыз болып қалған екі үйдің бірі сатып алынса, бірінің қазір құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрмыстық техникалар шығыны бюджеттен бөлінген қаражат есебінен өтеледі.
Айта кетейік, биыл шілде айының 7-сі күні Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында таудан аққан сел елді мекенге кірген еді. Салдарынан 47 үй су алып, 2 үй жарамсыз болып қалған. Бұдан бөлек, бір әлеуметтік нысанның жертөлесі суға толған.