Жамбылға "шалабайларды" жетілдіретін жаңашыл құрылғы жеткізілді
Жамбылға "шалабайларды" жетілдіретін жаңашыл құрылғы жеткізілді
Жуалы аудандық орталық ауруханасына облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен шала туылған балаларға арналған «NITE» аталатын құрылғы алынды, – деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш аппарат уақытынан бұрын туған шақалақты қажетті температурамен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, оның ішіндегі ылғалдылықтың бір қалыпты сақталуын бақылап, фототерапиялық қызмет те көрсетеді. Электр қуаты өшіп қалған жағдайда қосымша қосылатын өзінің қуат көзі бар құрылғы көлікте келе жатқан жағдайда оның аккумуляторына қосылып, тәулік бойы, яғни, 24 сағат жұмыс істей алады.
Аудандық ауруханаға алынған жаңа құрылғы – жуалылық жаңа туылған балалардың денінің саулығын арттыруға және қалыпты өмірге тез бейімделуіне мүмкіндік бермек.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі