Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл ауданында сел жүріп, жеті үй мен мектеп ауласын су басты

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында

2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында жауын-шашынның салдарынан тау бөктерінен төмен қарай сел жүріп, Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы мен Әуезов орта мектебінің аумағын су басты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

“Қазір оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, ТЖД-нен 51 адам, 4 бірлік техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеп жатыр”,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында. Айта кетейік, Жасөркен ауылында 310 тұрғын үй бар, 2209 адам тұрады.