Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жаңа бас дәрігер тағайындалды
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді
Маулім Кенжалы Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының байқау кеңесінің ұсынуымен бас дәрігер лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маулім Кенжалы 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2010 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облыстық балалар ауруханасында дәрігер-хирург қызметінен бастап, 2019 жылға дейін осы қызметте жұмыс істеген.
2019–2022 жылдары Жамбыл облыстық балалар ауруханасының ота жасау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2022–2023 жылдары Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары болған.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында бас дәрігердің медициналық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.