Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысы аумағында барлық жолдар ашылды

The final spritzer

Бұған дейін ауа райына байланысты күрежолдар жабылған еді

Жамбыл облысы аумағында барлық жолдар ашылды, деп жазады Jambylinfo.kz

Ауа райының нашарлап, қалың қар мен желдің күшеюі салдарынан жолдың көрінуінің шектелуіне байланысты 8 қаңтар сағат 20.00-ден бастап жаңа Қордай асуында барлық көліктер үшін жол жабылғанын полиция департаменті хабарлаған еді. Атап айтқанда, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 159-шақырымынан (Отар ауылы) 238-шақырымына дейін (Қайнар ауылы).

Көлік құралдары Тараздан Алматы қаласына ескі Қордай асуы арқылы өткізілген.

Дегенмен, қазір облыс аумағындағы барлық жол ашылды.