Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне және меритократия қағидатына сәйкес Еркебұлан Ахметұлы Ақбай облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еркебұлан Ахметұлы 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 2015 жылы «Теология» мамандығы бойынша бітірген.

2015-2016 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2016-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 

2024 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етіп келді.