Жамбыл облысы әкімдігіндегі басқармалардың саны азайды
Бүгін Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Дәлірек айтсақ, әкімдіктегі біраз басқармалар жаңадан құрылған басқармаға қосылды. Мәселен, жаңадан құрылған бақылау басқармасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен еңбек инпекциясы бірікті.
Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы құрылды, бұл басқармаға ішкі саясат пен жастар саясаты мәселелері басқармасы кірді.
Жаңадан Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы басқармасы ашылды. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына туризм басқармасы қосылды.
Сонымен қатар, мәслихат шешімі бойынша бүгіннен бастап мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы қосылып, архивтер цифрландыру басқармасына қосылды.