Жамбыл облысы Үлгілі ауылының әкімі жұмысын балабақша мен мектепті аралаудан бастайды
Салық түсімін 100 пайыздан асыра орындаған елді мекенде тұрғындардың бірақатар мәселесі шешілген
Байзақ ауданы Үлгілі ауылының әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінде есеп беріп, әр таң сайын ең бірінші істейтін жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Мейіржан Досмұратов таң атысымен ауылдағы ағарту ошағына аттанады. Оқушылардың аман-сау екендігіне көз жеткізген соң аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың бұйрығы бойынша балалардың бақытты жүзін көру үшін балабақшаға бас сұғады. Медиа алаңда мұны Мейіржанның өзі мәлімдеді. Өйткені, өрендердің өміріне қандай да бір қатер төнуіне жол бермеу керек дейді ол.
Үлгілі ауылының халық сайлаған үлгілі әкімі сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарын іске асырып, ел алғысын алып отыр. Бұқараның басты мәселесі болған көше жарығы мен интернет мәселесі оңтайлы шешілген. Баяндаманы қысқа қайырған Мейіржан Досмұратов ауылда атқарылған шаруаларды тізді.