Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысының Полиция департаменті 2025 жыл профилактика жылы деп жариялады

Барлық жерде «Полиция – Заң және Тәртіп күзетінде» қағидасы сақталуы тиіс

Жамбыл облысы Полиция департаментінде ҚР ІІМ аппаратының басшысы Оңал Бекиевтің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Онда 2024 жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов атап өткендей, Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанның негізі болып табылатын «Заң және Тәртіп» принципін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Полиция осы қағидатты елімізде берік орнықтыруда маңызды рөл атқарады, сондықтан құқық қорғау органдарының алдында азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету міндеті тұр.

2025 жыл Ішкі істер министрі тарапынан Профилактика жылы деп жарияланды. Барлық жерде «Полиция – Заң және Тәртіп күзетінде» қағидасы сақталуы тиіс. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі қажет. Осы мақсатта құқық қорғау жүйесі үйлесімді және тиімді жұмыс істеуі тиіс. Ең алдымен, заң бұзған кез келген адам міндетті түрде жауапкершілікке тартылуы тиіс деген заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек.