Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысына Бангладеш елінің азаматтары заңсыз көшіп келген

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 4 адам қолға түскен

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың алдын алу мақсатында Қордай ауданы прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрған.

Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың аяғында жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан және Бангладеш елдерінің 20 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 4 тұлға ұсталды.

Аталған факті бойынша Қордай аудандық ПБ-мен ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тергеп-тексерілді.

Осыған ұқсас аудан прокуратурасының үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Непал Республикасының 10 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 қылмыскер құрықталып, жуырда ғана қамалғаны анықталып отыр.