Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында 13 жасар жасөспірім суға батып кетті

Жамбыл облысында 13 жасар жасөспірім суға батып кетті

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында Жартас көлінде жабдықталмаған жерде шомылып жүрген 6-сынып оқушысы суға батып кетті. Шығыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала суға батып кетті Атырау облысында жасөспірім суға кетті Ақмола облысында екі бала суға батып кетті Су қоймасының түбі тексерілмеген: Қостанай ТЖД оқушының өліміне қатысты мән-жайды айтты Қайғылы оқиға туралы құтқару қызметіне хабарлама түскен. Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғын 2008 жылы туған жасөспірімді судан шығарып, оған дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге тырысты. Бірақ, өкінішке қарай, жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.​«Мән-жай анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысы ТЖ департаменті ата-аналардан өздерінің ата-аналық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды және өз балаларына табиғи ортадағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйретуді сұрайды»,-деп тұрғындарды сақ болуға шақырады» делінген ведомтсво хабарламасында.