Жамбыл облысында 2028 жылға дейін 11 жаңа су қоймасы салынады
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
2019 жылдан бері халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен облыстың алты ауданында жалпы ұзындығы 608 шақырым болатын су жүйелері қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ 2 жаңа су қоймасы – Андас-1 және Андас-2 – салынды, 19 су қоймасы жөнделді, 1 гидробекет қалпына келтірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл – өңірдегі ауқымды су шаруашылығы жобаларының бастамасы ғана. 2028 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 су қойманы қайта жаңғырту, 312 каналға жөндеу жүргізу, өзен жағалауларын бекіту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жоспарланған.
Мамандардың айтуынша, бұл шаралар суармалы егіншілік көлемін арттырып қана қоймай, су ресурстарын тиімді пайдалануға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.