Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды

Жамбыл облысында "Борышкер-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жамбыл облысында «Борышкер -2025» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара айыппұлды дер кезінде өндіріп, бұқараға әкімшілік айыппұлды уақытылы өтеу қажеттігін түсіндіруге бағытталған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолда өткізілген рейдтік іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры негізінде автокөліктердің нөмірін тексерген. Тексеру барысында көлік жүргізуші сол тізімнен табылса, автокөлікті қарыз өтелгенге дейін айып тұрағына қою міндеттелген.