Жамбыл облысында 53 білім мектеп «Starlink» желісіне қосылды
Облыстағы мектептерді интернетпен қамту үшін биыл 635 млн теңге бөлінген
Биыл Жамбылдағы 445 мектептің барлығы интернет желісімен қамтамасыз етуге 635 887 709 теңгеге келісім шарт жасалған. Оның 12 мектебі 20 мбит/с дейінгі, ал 433 мектебі 20-150 мбит/с жылдамдықта қосылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облыстық Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының директорының сөзінше, бүгінгі күні 12 мектептің интернет жылдамдығын көтеру үшін облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр екен.