Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында агродрондарды құрастыратын кәсіпорын іске қосылды

Әзірге компанияның жоспары бойынша, биыл 50-60 дрон, ал 2026 жылы кемінде 150 бірлік сатуы қажет.

 Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында "UNICROP"ЖШС агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосылды. Мұнда жылына 500-1000 агродрон құрастырылады.

Агродрондар арқылы егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылауға болады.