Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында қарды дұрыс тазаламаған мердігерлерге айыппұл салынып жатыр

Жыл басынан бері 30 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылған

2024 жылдың басынан бері Жамбыл облысында автомобиль жолдарын күтіп ұстамағаны үшін бас-аяғы 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізеді. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе - көшелерді қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстары.

Дереккөзге сүйенсек, осы кемшіліктері үшін Байзақ, Талас және Меркі аудандарының мердігерлік мекемелеріне  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалған.