Жамбыл облысында аудандық полиция басшылары балалар лагерьлеріндегі қауіпсіздікті тексерді
Қазір облыс бойынша 1095 бала лагерлерде демалып жатыр
Қала сыртындағы лагерьлер маусымы басталғаннан кейін Жамбыл облысы полиция департаменті аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерді тексерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бес ауданда 7 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Мысалы, Жуалыда – "Тау Самалы", "Берікқара", Жамбыл ауданында - "Болашақ", "Мөлдір бұлақ", Қордайда - "Балауса", Меркіде - "Жұлдыз", Таласта - "Жұрындысай". Мұнда 2575 оқушы демалды. Қазір лагерьлерде 1095 оқушы демалып жатыр.
Аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары балалар лагерьлеріндегі қауіпсіздікті тексеріп жүр. Полицейлер түнде сыртқа шығу, белгіленбеген жерде шомылу, жол ережесін сақтамау несімен қауіпті екенін айтып, балалармен жан-жақты әңгіме өткізген.
Бұл жұмысқа бірден бірнеше бөлініс қызметкерлері қамтылды. Ювеналдық полиция қызметкерлерінен арнайы кезекшілік кестесі жасалды, қызметкерлер аптасына екі рет лагерьлерге барады.