Жамбыл облысында биыл көктемгі егіс жұмыстарын несиелеуге 2,5 млрд теңге бөлінді
Өңірдегі фермерлерге берілетін несие "Кең дала" бағдарламасы аясында қарастырылған
"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы берген мәліметке сәйкес, биыл бөлінген 2,5 млрд теңге өңірдегі көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға арналған. Осылайша негізгі шығындар ауыл шаруашылық техникасын жалға алуға, қосалқы бөлшектерді сатып алуға, жанар-жағармай материалдарын, тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға және жұмыс күшіне ақы төлеуге жұмсалады. Жауаптылардың сөзінше, аймақтың егін шаруашылығында дәнді дақылдардың үлесі көп, деп жазады jambylinfo.kz.
Жауаптылар өткен екі жылдағы ауыл шаруашылығы дақылдарына несие берудің орташа статистикасына сәйкес, несиелердің жылдық сомасы 1 млрд теңгеден әр аспағанын айтады. Биыл бұл қаржы көктемгі егіс жұмыстарын жыл сайынғы қаржыландырудан орташа есеппен 2,5 есеге артық болып, 2,5 млрд теңгеге дейін өскен.
Айта кетерлігі, аграрлық несие корпорациясының филиалы аймақта бірнеше маңызды инвестициялық жобаларды қаржыландырып отыр. Оның ішінде 5500 және 2200 тоннаға біржолғы өнім сақтау қуаты бар екі жеміс қоймасы бар. Сондай-ақ, корпорация құс етін өндіру қуатын жылына 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін құс фабрикасын кеңейту мен жаңғырту жұмыстарына қолдау берілген. Су үнемдеу жүйелерін енгізу жобасы да іске асырылмақ.
"Бұл 300 гектардан астам көкөніс пен қант қызылшасын өсіруде қолданылатын тамшылатып суару жүйелерінің сегіз жиынтығы. Мұндай жүйелерді ауыл шаруашылық технологиясында қолдану көкөністердің өнімділігін 20 мың тоннаға дейін және қант қызылшасын 4 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Тараз қант зауытын жаңғыртуды қаржыландырылды, соның нәтижесінде оның қуаты жылына 176 мың тоннаға дейін өсті", - деп толықтырды филиал өкілдері.
"Аграрлық несиелеу корпорация" АҚ-нан Жамбыл облысы бойынша Корпорация филиалына биыл 12,6 млрд теңге бөлінген. Бұл "АКК"АҚ филиалдық желісіне берілген қаражат сомасының 5% құрайды.
Біраз кәсіпкер мен шаруа үшін несие алу үшін қоятын кепілдік ауыр мәселеге айналған. Несиелеу корпорациясы кепілдік мәселесін жеңілдету шараларын қарастырып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, несиелеу корпорациясы филиалы жыл сайын өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қаржыландыруға көзделген қаражат көлемі ұлғаятынын, өтінімдерді қабылдау және қарау рәсімдері жеңілдетілетіні туралы хабарлады.
Филиал облыс көлемінде қаржыландырған жобалардың жалпы санының 14%-ы проблемалы несиелер екенін хабарлады. Сол үшін де жауаптылар бұл мәселені шешуді қолға алмақ.