Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында 14 сәуір күні түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қаласында да солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.