Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Синоптиктердің мәліметінше, тоғызыншы қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай соғуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында, ал күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с жетеді.