Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Синоптиктердің болжамынша, 12 қараша күні Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"12 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі", – делінген хабарламада.