Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түсуі мүмкін.

2026 жылғы 05 қаңтарда түнгі уақытта Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түсуі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы таулы аудандарда 15–20 м/с-ке дейін жетеді.

Тараз қаласында 05 қаңтар күні кей уақыттарда тұман күтіледі.