Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында этно-туристік аймақ салған инвестордың құқығы қорғалды

The final spritzer

Прокурорлардың араласуымен әкімдік кешеннің жөндеу жұмысын қаржыландырды

Жуалы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында «Көксай» этно-туристік инновациялық демалыс аймағын салған инвестордың құқықтарын қалпына келтірді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім аясында инвестициялық кешеннің орташа жөндеуіне сметалық құжаттаманы әзірлеуге 4,2 млн теңге бөлінген.  

Сметалық құжаттама үш кезеңде дайындалуы тиіс еді.  

Алайда орташа жөндеу жұмыстары 3 ай бойы аяқталмаған.  

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап демалыс аймағына апаратын жолдың құрылыс мәселесі созылып, бұл тұрғындарға қосымша қиындықтар туғызған.

Нәтижесінде прокуратура актісі негізінде инвесторды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.