Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында гимназияның жас сақшылары ант қабылдады

Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы №45 гимназияда Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналған «Жас сақшы» полиция сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалым Оразбеков пен Тараз қаласы Полиция басқармасы ювеналдық полиция тобының бастығы Шакизат Юсупова қатысты. Олар сыныптың лентасын қиып, оқушыларды маңызды бастамамен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиын барысында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды. Сондай-ақ, жас сақшыларға естелік сыйлықтар берілді.

Іс-шара соңында қатысушылар жас сақшыларға ізгі тілектерін арнап, олармен еркін форматта әңгімелесіп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.