Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді
2025 жылғы 8 желтоқсанында, сағат 09:30-да Алматы облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2152–2214 шақырымдары аралығында (Бұрылбайтал ауылынан Алматы облысы шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылған.
Шектеу боран, көктайғақ және көрінудің нашарлауына байланысты енгізілген. Жолды 8 желтоқсан күні сағат 13:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Қосымша мәліметті тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.