Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны 42 шетелдік азамат ұсталды

Жыл басынан бері облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзған 52 азамат анықталды

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тиісті іс-шаралардың арқасында еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді қолға түсірді, деп хабарлайды Jambylinfo.

Дәлірек айтсақ, 52 шетелдіктің заң бұзғаны анықталып, олардың ҚР-да тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылған.

«Жалпы, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды. Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады»- деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.