Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында кәсіпорын басшылығы 30 млн теңгенің мүлкін 270 мың теңгеге заңсыз сатқан

Нысанды сатып алған үшіші тұлға мүлікті нсие алу үшін кепілге қойған

Жамбыл облысында кәсіпорын басшылығы 30 млн теңгенің мүлкін 270 мың теңгеге сатқаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Прокуратураның дерегінше, 2008 жылы «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатқан. Бұл ретте базаның бағалау құны 30 млн теңгені құраған.

2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған.

Осы факт бойынша 18.10.2023 жылы Талас ауданының прокуратурасы ҚК 362-бабының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне орай тоқтатылған.

Сот актісі заңды күшіне еніп, мүлік мемлекетке толығымен қайтарылған.