Жамбыл облысында медициналық диагностикада жасанды интеллект енгізілді
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірде ТМД елдерінде аналогы жоқ жасанды интеллектті пайдалана отырып, бірегей жоба іске асырылды. Жоба аясында 22 медициналық мекеме бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйеге біріктірілген. Бұл дәрігерлерге және сүт безі қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz