Жамбыл облысында орман қызметкерлері дала өртін сөндіріп жатыр
Меркі ауданынан басталған өрт Рысқұлов ауданына қарай өткен
Жамбыл облысы Меркі ауданында 4 маусым күні түстен кейін «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің» Сарғобы орманшылығында (жалпы аумағы 1650 гектар шөп жанған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, орман шаруашылығының 25 қызметкері мен 3 тракторы, сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімінің 84 қызметкері мен 9 техникасы өртті сөндіре бастаған.
Облыста ауа температурасы 30 градус ыстық, оңтүстік бағыттан жел соғып тұр.