Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара өтті

Аталған шараға бірқатар маман қатысты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде 2030 жылға дейін «Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар қабылдау, атап айтқанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім ұйымдарында студенттер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру бойынша жүйелі және өзара байланысты жұмыс жүргізу туралы» бұйрықты іске асыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған бұйрық аясында 2025 жылғы 15 желтоқсанда ҚАЖД №58 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арналған құқықтық консультация ұйымдастырылды. Іс-шара САИжӘПЖЖ бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Алдасугиров Алмаз Жуманбаевичтің және Жамбыл облыстық Нотариаттық палатасының нотариусы Зайнидинов Медетбек Мусабековичтың қатысуымен бірлесіп өткізілді.

Кездесу барысында «мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім ұйымдарында студенттер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру» тақырыбы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.