Жамбыл облысында су тасқынының алдын алу бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтті
Оқу-жаттығу аясында су қоймалары мен каналдардың ахуалы, арықтардың тазалығы зерделенді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің шұғыл тапсырмасы бойынша кеше Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов және Қордай аудандарында су тасқынының, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Шара барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштерінің, жеке құрамнан құрылған шұғыл әрекет ету жасағының, техникалар мен су сору құрылғылардың дайындығы іс жүзінде тексерілді.
Осыған байланысты облыс әкімі жауаптыларға су басу қаупі жоғары аймақтарды жіті зерделеп, шұғыл әрекет ету жасағының дайындығын пысықтауды тапсырған болатын.