Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысындағы №59 мекемесінде сенбілік өтті

Мекеме басшылығы мұндай шаралар қызметкерлердің экологиялық мәдениетін арттыруға, еңбекке деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның басты мақсаты – мекеме аумағын абаттандыру, тазалық сақтау және ұжымдық бірлікті нығайту болды.

Сенбілікке мекеме қызметкерлерімен қатар арнайы контингент те тартылып, көгалдандыру, қоқыс жинау, ағаштар мен өсімдіктерге күтім жасау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, техникалық аймақтар ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығы қамтамасыз етілді.