Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда жүргізілген аудит тексерісі нәтижесінде 64 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды

Оның ішінде 60 млнға жуығы қаржылық бұзушылықтар

Мемлекеттік аудит департаменті Жамбылда жыл басынан бері 38 тексеріс жүргізіп, 64 млрд теңгенің бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Рахымжан Ділдаевтың сөзінше, анықталған 64 млрд теңгенің  235 млн теңгесі бюджетке өтеледі.  Ал, 1,5 млрд теңгесі қалпына келтірілетін қаржы болса, 57  млн  бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар екен.

Сонымен қатар, маусым айында 18155  мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілген. Анығы, 18506 лот өндірілуі тиіс. Бұл жалпы көрсеткіштің 98,1 пайызын құрайды.  Департамент басшысы аталған мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4778 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 4651 орындалғанын айтты.