Жамбыл облысында жалған куәлік сатқан ХҚКО басшылары қамауға алынды
Олар азаматтардан ақша алып, жүргізуші куәлігін жасатып беріп отырған
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жалған жүргізуші куәлігін жасап, оны сатқан бір топ адамды ұстады. Олар – Түркістан облысы, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары, деп хабарлайды хабарлайды Jambylinfo.
Олар ұзақ уақыт бойы адамдардан ақша алып, олардан емтихансыз және тиісті көлік басқару тәжірибесі бар ма, жоқ па екенін тексерместен, жүргізуші куәліктерін заңсыз беріп келген. Ал, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері осы қылмыстық схемаға кіріп, өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін «клиенттерді» іздеген. Құжаттар Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген.